Биылғы жыл Мұқағали Мақатаевтің 95 жасын қарсалуымен басталды. Қазақ поэзиясының көгінде кейбір жұлдыздар бар. Олар бір сәтке жарқ етіп,көзге көрінбей кетседе артынан ізі қалады. Уақыт өтсе де, жарығы бәсеңдемеген. Мұқағали Мақатаев сондай мәңгілік жұлдыздардың бірі. Оның жыр жинақтары жылдар шаңына көміліп қалмайды, керісінше, әр ұрпақтың жүрегінен қайта жаңғырып, жаңа үнмен толқынға ие болады. “Аты өшпес ғұмыр” деп те атамыздың тағдырын айта аламыз.
Мұқағали – 1931 жылы Алматы облысының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Балалық шағы соғыс жылдарының ауыртпалығымен тұспа-тұс келді. Әкесінен ерте айырылып, өмірдің салмағын ерте сезінді. Сол қиындықтар оның жанын қатайтты, жүрегін жұмсартты, ойына тереңдік қосты. Табиғаты әсем Қарасаз, туған жердің кеңдігі мен тыныштығы ақын жырларында ерекше нәзіктікпен бейнеленеді. Ақын поэзиясының басты тақырыптары – Отан, ана, махаббат, өмір, адам тағдыры. Ақын өлең жолдарында әр көргенің астарлы сезімдердің толықынымен жеткізеді,осы сезімдер үшін халықтың жүрек елеуінен шыққаны айдан анық. Оның өлеңдерін оқығанда, артық пафос не жасанды әсер мүлде сезілмейді. Мәселен, «Үш бақытым» өлеңінде ақын халқын, тілін, Отанын өмірінің ең үлкен байлығы деп таниды. Ал «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы арқылы адам мен табиғат арасындағы нәзік байланысты, ананың перзентке деген махаббатын терең философиялық деңгейде суреттейді. Ақынның поэзияға ашылған махаббаты өиірінің соңына дейін жалғасып өтті. Жүрек ауруына шалыққанда “Жоқ,дәрігер” атты өлең жолдарын қағаз бетіне түсірген. Өлеңді оқысаңыз, автордың бір күйі бірінші тармақтардан-ақ жүрекке жетеді. Оқи отыра өлең шумақтары құр сөз емес, адам өмірінің мәні екенің автордың сезімінен түсіне аламыз. Мұқағали үшін поэзия – өмір өзен ағынындай. Бұл ақынның тұла бойында ерекше дамыған дарын деп білеміз.

Мұқағали Мақатаевтің мына сөзі еске түседі: «Мен XXI ғасыр ұрпақтарының құрдасымын» – бұл сөзі де бекер емес. Ақын өз заманының бөлек болашақтың түбірін сезе білді. Көзі тірісінде оның еңбегі толық бағаланбағанымен, уақыт ақынның әділ төрешісі болды. Бүгінде Мұқағали жырлары әнге айналып, халықтың рухани қазынасына айналды. Бәрімізге мәлім ақын-композитор Шәмші Қалдаяқов Мұқағали атамыздың адал досы,тағдырласы болған. Екі алыптың қалдырған еңбектері халықтың есінен мәңгі кетпес рухани қазынаға айналды. Шәмші әу деп әнің шертсе, Мұқағали жыр деп жырын әнге айналдырады. (“Талдықорған” ,“Сәлем,саған туған ел”, “Сарыжайлау” және т.б.) Қазақтың әр қуанышы Шәмшінің әнімен Мұқағалидің сөзімен бірақ бітеді. Бірі сөзден самал соқтырса, бірі әуеннен көктем оятқан. Ғасырдан ғасырға жетелей беретін нағыз қазына осы дейміз.
Мұқағали Мақатаев қазақ әдебиетіне өшпес мұра қалдырды. Ол – поэзияны халыққа жақындатқан, жүрек тілімен сөйлеткен ақын. Оның аты да, жыры да қазақ руханиятымен бірге жасай береді. Сондықтан да Мұқағали – аты өшпес ғұмыр иесі.
Аружан Ереже, 11-сынып оқушысы


















































