Емтихан — адамның білімін және оның қандай деңгейде екенін көрсететін маңызды сәттердің бірі. Сондықтан емтиханға немқұрайлы қарауға болмайды. Тек соңғы күндері ғана емес, алдын ала дайындалу қажет. Дұрыс дайындық — жоғары нәтижеге жетудің кепілі.
Ең алдымен, емтиханға дайындалмас бұрын өз алдыңа нақты жоспар құру керек. Жоспарды орындау үшін тәртіп пен уақытты дұрыс пайдалану маңызды. Әр адам өзі тапсыратын пәндерін анықтап, қандай тақырыптарды оқу керектігін жазып, күнделікті кесте жасағаны дұрыс. Ең бастысы — сол жоспарды уақытында орындау. Уақытты тиімді пайдалану — табысқа бастар жол.
Адамның жадында көп ақпарат болатындықтан, миды демалдырып, оқығанды үнемі қайталап отыру қажет. Есте сақтау — ең маңызды нәрселердің бірі. Тек оқып қана қоймай, қайталау да өте маңызды. Сонымен қатар, түрлі тапсырмалар, мысалдар мен сұрақтарды талдау қажет.
Емтихан кезінде асықпай, өзіңе сенімді болып әрекет ету керек. Дұрыс ұйқы, пайдалы тамақтану және таза ауада серуендеу — зейінді арттырады.
Әр адам үшін ең бастысы — сенімділік. «Мен істей аламын» деген ой әрқашан күш береді. Қорқыныш пен уайымның өзіңді жеңуіне жол бермеу керек. Емтиханға емес, өз мақсатыңа назар аударып, соған ұмтылу маңызды. Сонда сен өзіңді дамытасың.
Қорытындылай келе, емтиханға дайындалу — тек білім жинау емес, ол тәртіп, табандылық және сенім. Еңбек еткен адам міндетті түрде жақсы нәтиже көрсетеді. Сондықтан әрқашан алға ұмтылу керек!
Аяулым Жұмабай, 11-сынып оқушы

























































