Димаш Құдайберген — Қазақстанның ең танымал әншілерінің бірі. Ол 1994 жылы 22 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Димаш бала кезінен өте өнерлі болып өсті және шығармашылық отбасында тәрбиеленді. Соның арқасында ол ерте жастан музыкаға жақын болды.
Кішкентайынан ізденімпаз әрі еңбекқор болған. Осы қасиеттерінің арқасында бүгінгі күні ол Қазақстанның бетке ұстар өнер жұлдыздарының біріне айналды. Димаш өзінің ерекше дауысымен көптеген елдерге танылып, әлем сахнасында өнер көрсетіп жүр.
Оның халықаралық деңгейде танылуына Қытайдағы Singer байқауына қатысуы үлкен әсер етті. Осы жоба арқылы ол әлемге кеңінен танылып, миллиондаған жанкүйер жинады.
Қызықты ақпарат ретінде айта кетсек, Димаштың руы — бай-қырғыз деп айтылады. Яғни бұрынғы заманда қырғыздар қазақ жерінің солтүстік-батыс өңіріне қоныс аударып, қазақтармен араласып өмір сүрген. Соның нәтижесінде осындай ерекше ру қалыптасқан деген дерек бар. Менің ойымша, бұл ақпаратты көп адам біле бермейді.
Қорытындылай келе, Димаш Құдайберген — еліміздің мақтанышы, әлемге Қазақстанды танытып жүрген дарынды өнер иесі.
Аяулым Жұмабай, 11-сынып оқушысы

























































