Түркістанда екі баласын өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды

0
73
Polisia.kz

Полиция Түркістанда екі баласын өлтірді деген күдікке ілінген әйелді ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов мәлімдеді, деп хабарлайды kazaknews.kz.

“Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді.Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады”, – деді ол.

Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды.

“Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда”, – деді М.Қабденов.

Айта кетейік, Түркістанда жалдамалы пәтерден екі жас баланың денесі табылған болатын. Балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекенжайы туралы құрбысына хабарлаған ананы іздестіру басталған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз