1 ақпанда Қарағанды қаласында «Жедел жәрдем» жүргізушісіне дене жарақатын келтіру оқиғасы бойынша күдікті Нұрболат Дәкебаев ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

Тергеу барысында ол бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын. Қазіргі уақытта Нұрболат Дәкебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ол жасаған әрекеті үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, 27 қаңтарда Қарағандыда ​​белгісіз ер адам жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан еді. Кейін оның кім екені анықталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз