Қарағандыдағы жарылыс: Қаза болғандар бар

0
21

30 қаңтарда сағат 00:07-де Бұқар жырау ауданындағы 12 пәтерлі тұрғын үйдің ішіндегі бір пәтерде жарылыс болды.

Зақым алаңы 300 ш.м. Үй шатыры толық құлаған. Бірінші қабаттағы және екінші қабаттағы кейбір пәтерлер де жартылай зақымданған. Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде тұрғын үйде 35 адам болған.

Сағат 00-11 ден бастап 03-37-ге дейін құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 өлі және 5 жаралы адам табылды. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілген.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жұмысқа 139 адам мен 32 техника жұмылдырылды. Құтқару жұмыстары аяқталды.

25 азаматқа жедел психологиялық көмек көрсетілген.


Тұрмыстық газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт пен төтенше жағдайлардың алдын алу үшін:

– 2 қабаттан асатын тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыз;

– үй-жайларды өз бетінше газдандыруды, газ аспаптарын, баллондарды және бекіту арматурасын ауыстыруды және жөндеуді жүргізбеңіз;

– жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;

– газдың ағып кетуін тексеру үшін ашық отты пайдаланбаңыз (осы мақсатта сабын ерітіндісін қолданыңыз);

– балаларға газ аспаптарын пайдалануға жол бермеу және оларды қараусыз қалдырмау!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз