Ильхам Әлиев президенттік сайлауда жеңіске жетті. Қарсы тараптың ең көп дауысы 1,8 пайыз

0
37
photo: president.az

«Еxit-poll» нәтижесі бойынша Әзербайжанда өткен президент сайлауында 93,9 пайыз дауыспен қазіргі басшы Ильхам Әлиев жеңіске жетті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі metbuat.az сайтына сілтеме жасап.

Оның қарсыластары, Захид Орудж 1,8 пайыз дауыс, Фазиль Мустафа 1,5 пайыз дауыс, Гудрат Гасангулиев 1,2 пайыз дауыс, Рази Нуруллаев 0,9 пайыз дауыс, Эльшад Мусаев 0,4 пайыз дауыс, Фуад Алиев 0,3 пайыз дауыс жинаған.

«Кезектен тыс өткен сайлаудың нәтижесі таң қалдырмады. Себебі Ильхам Әлиевтің Қарабақтағы жеңісі оған деген халықтың сенімін арттырды», – дейді америкалық Oracle Advisory Group ұйымының өкілі.

Айта кетейік, 7 ақпан күні Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз