Қытай халқы шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр. Қытай жаңа жылы – Чуньцзе, яғни “көктем мерекесі” деп аталады.

Бұл мерекеге барлық Қытай халқы ерекше мән береді.

Қытай халқының асыға күтетін ең басты, ең сүйікті мейрамы – жаңа жыл мерекесі. Мұны қытайлар “Чуньцзе”, яғни “көктемді қарсы алу мейрамы” деп атайды. Бұл мерекеге Қытай елі ерекше мән береді екен. Қытайтанушылардың айтуынша Қытайдың үш мың жылдық тарихы бар жаңа жыл мерекесінде, арнайы мерекелік тағам тұшпара дайындалады екен.

Қытай халқы жаңа жылда бір-біріне көбіне тәтті тағамдар сыйлап, жақсы тілектер айтумен болады. Мерекені асыға күтетіндердің бірі – балалар.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Қытай төрағасына құттықтау хат жолдады.

“Қытай Халық Республикасының құрылғанына 75 жыл толуымен тұспа-тұс келетін биылғы айдаһар жылы мемлекетіңізді одан әрі өркендету жолында жетістіктерге толы боларына сенімдімін. Осы тұста Сіздің маңызды стратегиялық бастамаларыңыз бен тың жоспарларыңыздың сәтті жүзеге аса беруіне шынайы тілектеспін. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың «алтын 30 жылдығы» аясында игі мақсат-міндеттерімізге қол жеткізіп, халықтарымыздың жарқын болашағы жолындағы сындарлы әріптестігімізді жаңа деңгейге көтеруге айрықша мән беремін”, – деп жазылған жеделхатта.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз