Музыка – ритм, әуен және гармонияның үйлесімінен құралған ерекше өнер түрі. Жыл өткен сайын музыкаға қызығушылық танытатын адамдар саны артып, жаңа таланттар пайда болуда. Әншілер музыка арқылы өз көңіл күйін жеткізсе, тыңдармандар музыкадан рухани тыныштық немесе керісінше серпіліс алады.
Мысалы, жас әрі танымал орындаушы Billie Eilish «Туретта синдромымен» өмір сүретінін айтқан. Алайда сахнаға шыққан кезде бұл синдромның белгілері азайып, өнер көрсетуіне кедергі болмайтынын көрсеткен. Әнші өз шығармашылығы арқылы жасөспірімдердің өзіне деген сенімсіздігін жеңуге көмектесіп келеді.
Музыка тек жеке адамның ішкі сезімін ғана емес, қоғамдағы мәселелерді де көрсетеді. Мәселен, Ирина Кайратовна тобы 2020 жылы «5000» әнін шығарып, елдегі сыбайлас жемқорлық мәселесін көтерді. Бұл шығарма қоғамдағы әлеуметтік проблемаларға назар аудартуға бағытталды.
2026 жылдың 8 ақпанында Los Angeles қаласында өткен Super Bowl 2026 іс-шарасында басты хедлайнер ретінде латынамерикалық әнші Bad Bunny өнер көрсетті. Ол сахналық қойылымында иммиграция мәселесін көтеріп, Америка тек бір мемлекет емес екенін символикалық түрде көрсетті.
World Health Organization зерттеулеріне сәйкес, музыкалық іс-әрекетке қатысу адамдардың 60–80%-ында мазасыздық пен депрессия белгілерін азайтуға көмектеседі.
Қорытындылай келе, музыка – тек өнер түрі ғана емес. Ол адамды емдей алады, тыныштандырады және қоғамдағы маңызды мәселелерге назар аудартатын күшке ие ерекше құбылыс.
Жанель Ражанова, ученица 9-класса





















































