Музыканың адам өміріне әсері

0
10
pinterest

“Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді.” – деп Мұхтар Әуезов айтып кеткен екен. Музыка – адамзатпен бірге өмір сүріп келе жатқан өнердің ерекше түрі. Ол тек сөз бен әуеннің қосындысы ғана емес, ол адамның көңіл-күйін, сезімін, ойы мен жан дүниесін оятатын күш. Әуеннің аккорды әлеммен ғажайып толқындарға ие болғаны осыдан.

Ең алдымен, музыка адамның көңіл-күйіне тікелей ықпал етеді. Қуанышты әуен адамның көңілін көтерсе, баяу әрі мұңды музыка ойға батырып, тыныштық сыйлауы мүмкін. Кейбір адамдар қиын сәттерде музыка тыңдап, өз сезімдерін жеңілдетеді. Дәл осы тыныштық арқылы адамзаттың жаны мен тәні бәр мезетте бірге қалып салқын ойға тереңнен шомылады. Сондықтан музыка адам үшін рухани демалыс пен қолдау көзі ретінде қарастырылады.

pinterest

Сонымен қатар, ән мен әуес адамның ойлау қабілеті мен шығармашылығына да әсерін тигізеді. Ғалымдардың зкерттеуі бойынша, тыныш әуен тыңдау адамның зейінін кеңейтіп, жұмысқа немесе оқуға жақсы әсер ететінін көрсетеді. Кей жастар осындай жағдайда музыка арқылы ақ шу қосып қойып сурет салып, өлең жазып немесе жаңа идеяларға сусынданады.

Музыканың тағы бір маңызды қыры – қоғамды біріктіру қабілеті. Әртүрлі мәдениет пен тілде сөйлейтін адамдар да музыка арқылы бір-бірін түсіне алады. Мәселен, әлемдік деңгейді қамтитын әнші-компазиторлар бір аккорд арқылы артынан ондаған аккорд жинап алады. Сантүрлі ұлт өкілдері бір мезетте бір-біріне жақын болып кете алады. Бұл да дәл осы музыканың әсері. Ән мен әуен адамдар арасында ортақ эмоция мен байланыс қалыптастырады.

pinterest

Әуеннің такты – тұлғаның жан дүниесіне әсер ететін ерекше нота. Көңіл-күйді құбылтып қана қоймай, адам санасына,бойына,зеректігіне және өмірге деген көзқарасына ықпал етеді. Музыкасыз өмірді елестету өте қиын.

“Егер тән ауырса көңілдің күрт түсуі — табиғи құбылыс. Сондықтан алдымен сазды әуеннің әсерімен көңілді сергітеді. Осының арқасында дене біртіндеп сауыға бастайды.”

Әбу Насыр Әл-Фараби.

Ал сіз үшін музыка нені білдіреді?

Аружан Ереже, 11-сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз