Білім — кез келген қоғамның дамуына үлкен үлес қосатын маңызды құндылық. Еліміздің өсіп-өркендеуіне білімнің көмегі зор. ХХ ғасырдағы дана зиялыларымыз біз үшін көп еңбек етті. Алайда сол дайын мұраны оқымайтын, оған мән бермейтін адамдар да бар. Ондай қатарға қосылмау үшін әр адам өзіне жауапкершілікпен қарап, әрекет етуі керек.
Қазіргі таңда оқу-білім саласында түрлі қиындықтар кездесіп отыр. Осындай жағдайды оқу-білім дағдарысы деп айтамыз. Неліктен білім деңгейі төмендеп жатыр? Өйткені біз қазір технология дамыған заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл кезеңді кейде «Альфа заманы» деп те атайды. Технологияның қарқынды дамуы жастардың уақытын көбіне телефон мен әлеуметтік желілерге жұмсауына әкелуде. Соның салдарынан оқуға деген қызығушылық азаяды.
Сондықтан ең алдымен жастардың білімге деген ынтасын арттыру қажет. Мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларды білім алуға ынталандырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуы тиіс.
Қорытындылай келе, білімді ұрпақ — елдің болашағы. Сондықтан білімге әрқашан көңіл бөліп, оны дамытуға күш салуымыз керек.
Аяулым Жұмабай, 11-сынып оқушысы






















































