Неліктен үлкендерді құрметтеу маңызды?

0
24
фото: google

Үлкендерді құрметтеу — адамгершілік пен жақсы тәрбиенің белгісі. Қазақ халқы ежелден «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деп бекер айтпаған.

Біріншіден, үлкендер — өмірдің талай белесін көрген жандар. Олар қиындықтарды бастан кешіріп, сол арқылы мол тәжірибе жинақтаған. Сондықтан олардың айтқан ақылы мен кеңесі әрқашан пайдалы. Үлкендердің сөзін тыңдау арқылы біз қателіктерден аулақ болып, дұрыс жолды таңдай аламыз.

Екіншіден, үлкендерді құрметтеу — адамның тәрбиесінің айқын көрінісі. Әдепті сөйлеп, ізет көрсету — әрбір адамның міндеті.

Үшіншіден, үлкендерді құрметтеу — ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтаудың маңызды бөлігі. Біз — болашақтың айнасымыз. Бүгін үлкендерді қалай құрметтесек, ертең бізге де сондай құрмет көрсетіледі.

Қорытындылай келе, үлкендерді құрметтеу — әр адамның борышы. Ол біздің адамгершілік қасиетімізді арттырып, қоғамның жақсаруына ықпал етеді.

Аяулым Жұмабай, 11-сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз