Қоғамның айнасы – тәрбие

0
23
фото: pinterest

Қазіргі таңда адамдардың іс-әрекеті мен ойлау жүйесі алуан түрлі. Кейде кімнің не істейтінін болжау да қиын. Өкінішке қарай, біздің заманда түрлі жағдайлар орын алып жатса да, көпшілік бір-біріне көмек қолын созуға асықпайды.

Ескі заман артта қалғанымен, қыз алып қашу сияқты әрекеттер әлі де кездеседі. Мұны «салт» деп атаудың өзі артық сияқты. Себебі қазіргі қоғам жаңарды, сана өзгерді. Дегенмен, осындай келеңсіз жағдайлардың толық тоқтамай келе жатқаны ойландырмай қоймайды.

Кей өңірлерде мұндай оқиғалар жиірек кездесетіні жасырын емес. Алайда бұл мәселені бір ғана аймақпен байланыстыру дұрыс болмас. Негізгі себеп — тәрбие мен санаға байланысты. Дұрыс тәрбие көрмеген ортада қыз балалардың зардап шегуі — ащы шындық. Дегенмен, бұл барлық адамға тән емес, тек белгілі бір жағдайлар туралы айтылып отыр.

«Ұлыңды бөтен үйден тойдырма,

Қызыңды бөтен үйге қондырма» деген сөз бар.

Бұл – әр ата-анаға үлкен жауапкершілік жүктейтін нақыл. Қызды аялап өсіру, ал ұлды жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу — қоғамның болашағы үшін маңызды.

Амина Амирова, 11-сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз