Балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салу қажет пе?

0
42
фото: google

2016 жылы қыркүйекте жарыққа шыққан ең танымал әлеуметтік желілердің бірі — TikTok. Бұл қосымшаға байланысты балалар да, ата-аналар да алаңдаушылық білдіруде. Себебі дәл осындай мобильді қосымшалар адамдарда, әсіресе балалар арасында, тәуелділік мәселесін туындатады. Сондықтан 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салу қажет пе деген сұрақ туындайды.

Біріншіден, әлеуметтік желілерден туындайтын басты мәселе — тәуелділік. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының өзі бұл мәселені түсіне бастады. Мысалы, Childnet ұйымы 2024 жылы Лондонда өткен Қауіпсіз интернет күніне арналған іс-шарада жасөспірімдерге сөз сөйлеуге мүмкіндік берді. Сол жерде 17 жастағы Swire мен 14 жастағы Ghai әлеуметтік желінің адамды «батпаққа батырып жатқандай» әсер беретінін айтып, одан шығу қиын екенін жеткізді. Олар тіпті әлеуметтік желілердің психологиялық әсерін құмар ойындармен салыстырды. Бұл — тәуелділіктің нақты дәлелі.

Екіншіден, тағы бір маңызды мәселе — қауіпсіздік. Депутат Эмили Дарминг айтуынша, әлеуметтік желілерде жүргізілген сауалнама нәтижесінде жасөспірімдердің шамамен 60%-ы бейтаныс адамдармен байланысқа шыққаны анықталған. Мұндай жағдайлар балалардың өздерін қауіпсіз сезінбеуіне әкеледі. Сонымен қатар, Милтон Кинс қаласындағы репортер Эми Холмс мәліметінше, парламентте 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді қолдануына шектеу қою туралы заң ұсынылған. Ата-аналар бастапқыда бұл шешімді ауыр қабылдағанымен, уақыт өте келе оның пайдасын байқаған. Балалар уақыттарын тиімді пайдаланып, мектеп тапсырмаларын тезірек орындай бастаған.

Қорытындылай келе, жасөспірімдер үшін әлеуметтік желілерден туындайтын тәуелділік пен қауіптердің алдын алудың тиімді жолдарының бірі — шектеу қою. Мұндай шектеулер оқушыларға уақытты дұрыс жоспарлауды үйретіп, олардың дамуына оң әсер етеді.

Айгерим Есенбаева, 11-сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз