Жаңа сана, жаңа көзқарас

0
19
фото: google

Қазақ әдебиетінде қоғамның шындығын бүкпесіз айтып, халықтың санасын оятуға үлес қосқан тұлғалар аз емес. Солардың қатарында Мұхтар Шаханов пен Шынболат Ділдібаевтың орны ерекше. Олар тек ақын ғана емес, ұлттың мұңын жеткізген, халықтың көкейіндегі сұрақтарға жауап іздеген ойшылдар.

Мәселен, Ділдібаевтың «Шындық» толғауы – ащы болса да, шынайы өмірдің айнасы. Ал Мұхтар Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» сынды еңбектері адам жанының тереңіне үңіліп, махаббат пен адамгершіліктің мәнін ашып береді. Тіпті, Желтоқсан оқиғасын қысқа ғана уақыт ішінде әсерлі жеткізе білуі – оның сөз құдіретін меңгергенін көрсетеді.

Осындай тұлғалардың жолын жалғау, олардың ой тереңдігін сезіну – әрбір жас буынның міндеті. Сол себепті, бүгінгі мақаламызда автордың өз толғаныстарынан туған өлең шумақтарын ұсынып, оқырман санасына ой салуды жөн көрдік.

Қоғам және сана

Бұл өмірде әр тұлға өз бетінше дамиды,
Бірақ оны көпшілік байқай бермейді.
Салыстырсаң — өршиді,
Бір-бірін кінәлап, «ұят» сөзін білмейді.
Айтар сөзім — осы ғана емес,
Ұят ұғымы тым терең.
Кітап оқымайтын қаншама жан бар,
Сонда кітап кім үшін керек?
Менсінбейді адамзат,
Сол себепті халқымыз
Кейде бос сөзге ұрынып, әлсіреп бара жатқандай…

Өмірдің мәні мен кеңдігі

Өмір деген — қызық қой,

Жеті материк бар әлемде,

Соны түгел көріп қой.

Бұл дүние — шексіз кеңістік,

Ішінде керек нәрсенің бәрі бар.

Көзге көрінер сұлулық —

Біреуге арман, біреуге қол жетпес асқар…

Махаббат пен адам болмысы

Адамдар бірін-бірі сүйеді,

Бірақ кей жүрек сол сезімнен күйеді.

Сонда адам жаны тарылған ба,

Әлде сүюдің мәнін білмеген бе?

Сүю — бағалай білу,

Гүлдей нәзік сезімді сезіну,

Жақыныңды күту, сағыну —

Міне, махаббаттың шынайы мағынасы.

Бірақ неге бұл ғаламда

Адамдар бірін-бірі түсінбейді?

Жауабы табылмаған сұрақтар көп,

Сол сұрақтармен өмір өтіп жатыр…

Уақыт, тағдыр және адам

Эй, халайық,

Бәріміз қателесеміз, бірақ мән бермейміз.

Ал әр ісіміз

Бір күні өзімізге қайта оралады.

Кейбірі ата-анасына сағынышын жеткізе алмай кетеді…

Сол үшін махаббат —

Түсінуге қиын, бірақ әркімге керек биік белес.

Анаға үндеу және өмір туралы ой

Анашым, мен бұл ғаламның талайын көрдім,

Шын айтамын — мен көрдім.

Сеніңізші, мен көрдім.

Оқы, біл, ізден,

Уақытыңды босқа өткізбей.

Сонда ғана жетістікке жетесің.

Біз кейде денемен өмір сүріп,

Жанның үнін естімей қаламыз…

Бұл заман — «зар заман» емес пе?

Уақыт өтуде,

Ал біз оны бағалай алып жүрміз бе?..
Ал біз оны бағалай алып жүрміз бе?..

Ұстаз — ұлы тұлға

Ұстаз — әрқашан аяулы жан,

Бірақ біз кейде оны бағаламаймыз.

Ол күн-түн демей

«Бұл бала дұрыс па?» деп ойлайды.

Ал біз ше?

Кейде мән бермейміз…

Сондықтан,

Ұстазды құрметтейік,

Ренжітпейік — бұл біздің парызымыз.

Жаңа ұрпақ — жаңа сана

“Сана білім”

Жаңа ұрпақ — жаңа сана,

Мұны бүкіл халық біледі.

«Кім тәрбиеледі?» дегенде,

Жауап та дайын — ел біледі.

Білімді ұрпақ өсіп келеді,

Бірі робот жасайды,

Бірі домбыра тартады —

Неткен керемет өнер!

Барлық бала дамыса,

Жердің өзі гүлденер.

Құстар да әнін асқақтатып,

Табиғаттың өзі түлер.

Білімді бол, еш тайынба,

Қателік болса — мойыма.

Сол арқылы өсесің,

Санаңа сәуле қонады.

Сөз — жай ғана құрал емес, ол — санаға әсер ететін күш. Ақындардың, ойшылдардың және бүгінгі жас буынның жазған әрбір жолы — қоғамның айнасы. Егер біз осы сөздерге мән беріп, тереңіне үңілсек, өзімізді де, қоғамды да өзгертуге қадам жасай аламыз.

Амина Амирова, 11-сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз