Демалу – ұят емес

0
65
фото: Google

Қазіргі таңда “шаршау” әлсіздік сияқты көрінеді. Ал демалу үшін өзімізге сылтау іздейміз: “кеше көп жұмыс істедім”, “ертең екі есе істеймін”. Бірақ не себепті демалуды табиғи қажеттілік емес, кінә сезімімен бірге жүретін әрекет ретінде қабылдаймыз?

Біз өмір сүріп отырған коғам өнідімділікті құндылыққа айналдырғандай сезіледі. Ерте тұру мен күні бойы жұмыс жасап, еңбектеніп жатқанымен, демалуды – босқа өткен уақыт ретінде көреміз. Әлеуметтік желілер де бұған өз үлесін қосады: бірі бизнесті бастаса, бірі өзін дамытып, жетістікке жетеді. Ал сол сәтте диванда тынығып жатқанда, өзімізді жалқау сезіне аламыз. Бірақ шындыққа келсек: демалмау – ерлік емес.

«Көп адам демалған кезде кінә сезінуінің себебі – олардың құндылығы еңбекпен ғана өлшенеді деп үйреніп қалғанында. Ал шын мәнінде демалыс – әлсіздіктің белгісі емес, психиканың өзін-өзі сақтап қалу механизмі. Демалуды білмейтін адам ұзақ мерзімде тиімді де, бақытты да бола алмайды»,  дейді психолог.

 Шын мәнінде демалыс – ол жалқаулық емес, қалпына келу. Телефонды қуатағандай, адамның да “батарейкасы” бар. Өзімізге лайықты тыным бермесек, күйіп кетіп, ашу сезімге басып болып, депрессияға ұшырып кету қаупі бар. Сондықтан баяу күйреп кетпеу үшін демалысқа өзге көзқараспен қарауымыз керек. Ол марапат емес, өмірдің қажетті бір бөлігі, себебі біз робот не көлік емеспіз, жанымызға да кейде жай ғана тыныштық қажет.

Аружан Ануарбекова, 11-сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз