“Ақылды үй” – технологияның күнделікті өмірдегі көрінісі

0
130

Ата-бабаларымызға “Ақылды үй” технологиясы туралы айтатын мүмкіндік болса олар тіпті сенбейтін еді. Алғашында бұған сену шынымен де қиын әрі қорқынышты болатын. Ал қазір бұл технология барлық жаңа үйлерде бар дей аламыз. 

1966 жылы АҚШ-та “Ақылды үйдің” алғашқы нұсқасын жасаған — Джим Сазерленд (Jim Sutherland).

“Ақылды үйдің” мүмкіндіктері:

  1. Жарықты басқару – автоматты қосу/өшіру, жарық деңгейін реттеу.
  2. Жылыту мен салқындатуды реттеу – температураны өзі баптайды.
  3. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – камера, қозғалыс датчигі, дабыл.
  4. Есіктер мен құлыптарды бақылау – қашықтан ашу немесе жабу.
  5. Газ, су, түтінді анықтау – қауіпті жағдайда хабарлама жібереді.
  6. Тұрмыстық техниканы басқару – кір жуғыш, теледидар, розеткалар.
  7. Дыбыспен басқару – арнайы ассистенттер арқылы басқару.
  8. Энергияны үнемдеу – артық электр шығынын азайтады.

Билл Гейтс: «Технологияны дұрыс қолдансақ, ол адамның өмірін жеңілдетеді».

Ал енді “Ақылды үйдің” артықшылықтар мен кемшіліктері:

Артықшылықтары

  1. Уақытты үнемдейді – көптеген тұрмыстық әрекеттер автоматты түрде орындалады.
  2. Қауіпсіздік деңгейі жоғары – бейнебақылау, датчиктер, дабыл жүйелері бар.
  3. Қашықтан басқару мүмкіндігі – смартфон арқылы үйді кез келген жерден бақылау.
  4. Тұрмысқа ыңғайлылық – үйдегі жайлылық автоматты түрде реттеледі.
  5. Экологияға пайдалы – энергияны аз тұтыну арқылы қоршаған ортаны қорғайды.

Кемшіліктері

  1. Құны қымбат – құрылғылар мен орнату бағасы жоғары болуы мүмкін.
  2. Интернетке тәуелді – интернет өшсе, кей функциялар істемейді.
  3. Техникалық ақаулар болуы мүмкін – жүйе істен шығуы ықтимал.
  4. Киберқауіпсіздік мәселесі – деректердің қорғалуы маңызды.
  5. Барлық адамға түсінікті емес – кейбіреулерге қолдану қиын болуы мүмкін.

Сонымен, бұл технология адамға пайдасы көп, қажетті әрі ыңғайлы болып шықты. Тек дұрыс пайдалануды білсеңіз жетерлік. Технология дамыған сайын – мүмкіндіктер көбейеді.

Айдидар Нүркен
11-сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз