Нұр-Сұлтандағы мектеп ата-аналары қайырымдылық акциясын өткізді

0
233
Көмек қораптары.

23 сәуір күні Нұр-Сұлтандағы NURORDA мектеп-лицейінің 400 ата-анасы 300-ге тарта отбасыға қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, көмек қораптарын таратты.

Ата-аналардың айтуынша, қасиетті Рамазан айында жасаған бұл жобаның тәрбие тұрғысынан маңызы зор. Олар мұндай бастаманы әрдайым қолдайтынын жеткізді.

Қайырымдылық акциясында ата-ана, оқушы және мұғалімдер бірлесе отырып азық-түлік қораптарын әзірлеген. Бұл көмек қораптары қаладағы аз қамтылған отбасыларға таратылды.

“Мектебіміздің іс-шараларына әрдайым қолдау көрсететін ата-аналарымызға алғысымыз шексіз”, – делінген мектептің әлеуметтік желідегі парақшасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз