Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус және соған ұқсас пневмониядан 62 адам қайтыс болды. 2 693 адам індет жұқтырды. Елде пандемия басталғалы инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 870 059 адамға жеткен. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Өңірлер бойынша бір күнде Нұр-Сұлтанда – 191, Алматыда – 549,
Шымкентте – 125, Ақмола облысында – 143, Ақтөбе облысында – 133, Алматы облысында – 256, Атырау облысында – 69, Шығыс Қазақстан облысында – 135, Жамбыл облысында – 55, Батыс Қазақстан облысында -99, Қарағанды облысында – 431, Қостанай облысында – 105, Қызылорда облысында – 56, Маңғыстау облысында – 38, Павлодар облысында – 192, Солтүстік Қазақстан облысында – 79, Түркістан облысында – 37 адамнан коронавирус анықталған.
Індеттен бір күнде 3 905 адам айыққан. Қазір елде 66 215 адам коронавирустан емделіп жатыр. 11 653 пациент стационарда, 54 562 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
962 адамның жағдайы ауыр, 239 пациенттің жағдайы өте ауыр,
131 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Өңірлердің эпидемиологиялық ахуалы:
🔴 “Қызыл” аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары.
🟡 “Сары” аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
🟢 “Жасыл” аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.