Режиссерсіз шығарма-сәтсіз. Кез келген шығармашылық жұмыстың діңгегі сол жердегі режиссер. Маманның мықтылығы-фильмнің сәнін келтіреді. Елімізде мықты режиссерлердің туындылары қазақстандық ғана емес, шет елдік фестивальдардыңда жеңімпазы атануда. Алайда Қазақстан кино-индустриясындағы барлығы бірдей емес екені айдан анық. Еліміздегі кино саласы дамуына жастар өз үлестерін қалай қоса алады?
«Тағдыр арнасы кино жолына айдап әкелетін болса, ойланбастан режиссер болар едім. Фильмнің басы-ғасында жүріп, өз идеяларымды өмірде іске асырудан басқа мен үшін бақыт жоқ. Қазақ кино-индустриясын әлем сахнасына шығарсам, көрермен көзайымына айналсам деймін» деп мақсат қойып отыр. Жастардың бұл салаға деген қызығушылығы сөзсіз қуантады“-дейді 11 сынып оқушысы Аяулым Таттимбетова
Еліміздегі белгілі режиссер Ақан Сатаев тек азияны емес, өзінің туындыларымен еуропа елдерінде бағындырды. Алайда, туындылардың басым көпшілігі комедия және драма жанрында түсіріліп жатқаны аз емес. Тарихи фильмдер мен хорорларды қазіргі заман режиссерлері 2-3 жыл бұрын ғана қолына алды. Халықтың көңілінен шығатын режиссер болсам дейтін адам детектив және боевик жанрына дем қоюы керек екенін де көрермен таласып айтады.
Детектив-көрерменді бірден баурап алатын, оларды ойландыратын әрі қызықтыратын жанр. Атақты Шерлок Холмстан бастап бүгінгі адвокаттар мен криминслисттер жұмысы әрбірімізге қызық. Қазақстанда детектив саласында фильм түсіретін болсам, ең алдымен Агата Кристи «Үлкен төрттік», «Алфавит өлімдері» атты кітаптарының желісінде, кейіннен авторлық сценариймен туындымызды көрерменге ұсынуға болады. Бірақ жас ерекшеліктеріне де қарап мән беру керек.
Бір фильм фантазияны дамытса, екіншісі мотивация береді. Сол үшін таңдаған кітап пен киноға әрдайым мән беріп жүрейік.
Мерейлім Асқарбек, 11 сынып оқушысы