Жасөспірімдік шақ – бала шақтан тұлғаға айналуға қарқынды дамитын, құбылмалы өзгерістерге толы ерекше кезең. 12–16 жас аралығындағы бала өз отбасынан бөлек, қоршаған ортадан жаңа тәжірибе іздеп, бойындағы қасиеттерін бейімдеуге ұмтылады. Осы себептен, жасөспірімдердің шығармашылыққа тартылуы табиғи әрі логикалық процесс болып табылады. Шығармашылықпен айналысу тек қызығушылық емес, ол болашаққа жетелейтін маңызды таңдау болып саналады.
Психологиялық себептері
Жасөспірімдік кезең эмоционалды тұрғыдан өте қарқынды өтеді. Бұл эмоцияларды басқару мен түсіну әрдайым оңай емес. Сондықтан шығармашылықпен айналысу жастарға ішкі күйін зерттеу және реттеу мүмкіндігін береді.
Сурет салу, музыка, би билеу, ән айту, кітап оқу немесе басқа көркем әрекеттер жасөспірімге ата-ананың тәуелділігінен дербес болуға, эмоционалды шиеленісті азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл кезеңде ойлау жүйесі терең дамып, фантазияларға толы болады. Креативтік көзқарас кейде қарапайым шешімдерден озып кетеді.
Мәдениет және қоғамның ықпалы
Жасөспірімдер өзіндік ұстанымы мен әлеуметтік орнын анықтауға ұмтылады. Шығармашылық осы іздену процесін жеңілдетіп, жеке тұлғаның ішкі “Менін” көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі жастар арасында өнер мен шығармашылыққа қызығушылық мәдени орта, бейіндік пәндер, үйірмелер мен заманауи жастар қозғалысы арқылы артуда. Мысалы, UNESCO клубтары, Қазақстанның әр білім ошақтарындағы өнер бағытындағы үйірмелер, жеке дара өнер дамыту клубтары жастардың мәдени және эмоционалды дамуына ықпал етеді. Актерлік шеберлік курстары мен театр сахналары жасөспірімдерге өздерін шығармашылық тұрғыдан көрсетуге мүмкіндік береді.
Тұлғаның жаһандануы
Шығармашылық әрекет жас ұрпақтың дамуында маңызды рөл атқарады. Ол ойлау қабілетін дамытып, қиял мен креативті кеңейтеді, эмоционалды интеллектті күшейтеді. Сонымен қатар, жауапкершілік, табандылық, мақсат қою және өзіндік бағалау қасиеттері бойына сіңеді. Көптеген жасөспірім шығармашылық арқылы болашақ мамандығын таңдайды. Бастысы – өзіне ұнаған істі істеп, дамуға кедергі келтірмеу.
Жасөспірімдердің шығармашылыққа тартылуы – психологиялық, әлеуметтік және мәдени факторлардың бірлескен әсерінен пайда болатын құбылыс. Шығармашылықпен айналысу жас баланың эмоциялық тұрақтылығын сақтауға, жеке тұлғаны қалыптастыруға және болашаққа бағытталған дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан жас буында шығармашылықты дамыту – олардың жан-жақты өсуі мен дамуына маңызды әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Аружан Ереже























































