Жетістік – ол кез келген адамның мақсаты ғана емес, өмірдің мәні мен тағдыры бола алады. Тек байлық пен алтын емес, оған қоса бақыт сезімі мен тыныштық болу керек. Ең бастысы адам жарқын болашаққа қадам басқанда өз күшіне сену керек. Ал мен сіздерге қазір Жетістікке жету үшін – өзіне сенуден басталатынын мультфильмдер арқылы көрсеткім келеді.
- Рапунцель

Рапунцель патшаның жоғалған қызы болғандықтан оны алып кеткен зұлым өгей анасы биік шынға барлық есіктерін құлттап, жауып тастаған. Ал кішкентай қыздың арманы бостандыққа шығу…
2. Коконың құпиясы

Мексиканың қарапайым отбасынан шыққан Мигель әнге деген ерекше махаббаты мен құштарлығы болған, бірақ ежелден ата-бабаларынан таралған отбасыларында бір ереже болды- ол үйдің қабырғасында музыка әуеніне қатал тыйым салынуы. Өз арманын орындау үшін туысқандарына қарсы шыққан Мигель алда талай қиыншылықтарға тап болғанмен, соңында отбасына жаңа леп әкеледі.
3. Аңдар Шаһары

Джуди Хоппс бала кезінен полиция болуды армандады. Бірақ оның бойы кішкентай болған соң үлкен әлемге үйрену өте қиын болды. Ары қарай қу түлкімен танысып, нағыз саяхат басталады.
4. Мулан

Қытайдын әдемі қызы Муланды өмір – бойы тұрмысқа шығуға, “ыңғайлы” адам болуға үйреткен, бірақ оның ойынша әр қыз баласы мықты, ақылды болып өсу керек еді. Ғұндармен соғыс басталған кезде әр отбасынан 1 ер батырдан шықса, Мулан жарақат алған әкесін ойлап, өзі шықты. Батырлық пен батыл болуды үйрететін мультфильм.
5. Жан

Джаз пианистінің Джо Гардон өмірі қараңғы, өзгеріссіз өмірде қалып қойғанын, өз таңдауы, арманын бір сәтке өзгерткісі келетінін көрсететін мультфильм.
Әр мультфильмді тек бала емес, үлкені де көру керек. Себебі бұл мульфильмдерде әр адамның ішкі жан дүниесін көрсете алған арманы мен ойы бар.
Жетістік – ол таңдаған жолың мен шешімің.
Аружан Ануарбекова