Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы таныстырылды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
«Рухани жаңғыру: Нұрсұлтан Назарбаев моделі» ғылыми-практикалық конференциясы аясында Қазақстанның және шетелдің саясат және мемлекеттік қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың, ғылыми, мәдени және білім беру мекемелерінің өкілдері сөз сөйледі.
Атап айтқанда, Президент әкімшілігі ішкі саясат басқарамасының басшысы Аида Балаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алты жобаның жүзеге асу барысы мен механизмі туралы әңгімеледі. Президенттің мақаласында ұсынылған бейімделу және қоғамның дамуының басты бағыты ретінде ұсынылған бәсекеге қабілеттілік қазақстандықтар үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемдік қауымдастық үшін бағдар болуы тиіс екендігі ерекше атап өтті.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы атап өткендей, кез-келген экономикалық жаңғырудың табысы – халықтың мәдениетіне, тарихына және салт-дәстүріне қорған болу. Елдің бәсекеге қабілеттілігі үшін маңызды шарттардың бірі оның мәдени имиджін құру. Біздің еліміздің әлемдік қоғамдастыққа толығымен ашып көрсететіндей бай ұлттық және мәдени мұралары бар.
Атап өтерлігі, «Әлемдегі Қазақстандық замануи мәдениет» жобасы аясында Тұңғыш Президент бағдарламасының таныстырылымы 20 қазанға дейін жалғасады. 18 қазанда «Ұлы дала сазы» концертін өткізу жоспарланған, ал 19 қазанда Astana Ballet труппасының «Salle pleyel» концерттік бағдарламасының таныстырылымы өтеді.
Сабина Сайлаубай