Қарағанды облысы полиция Департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері 66 келі “марихуана” тәркіледі.
Ведомтсваның баспасөз қызметі таратқан ақпарға сәйкес, 31 қаңтарда есірткі заттарын заңсыз айналымы және таратуды анықтау бойынша жүргізілген жедел профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері қарағандылық 39 жастағы ер адамды тұтқындаған, оның үйінен 66 келі есірткі тәркіленген.
Экспертизалық сынамалар нәтижесінде табылған зат марихуана екені анықталды.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-шы бабы 4-ші тармағына сәйкес “аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтау” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ұсталған ер адам уақытша қамау изоляторында. Тергеу шаралары жүруде.