Жапония түрік азаматтарын жұмысқа алмайды

0
190
дереккөзден

Жапония билігі Түркияны өз аумағына жұмыс визасы бойынша кіре алатын мемлекеттер тізіміне қоспады, бұл шешім түрік дипломаттарының қарсылығын тудырды.

Lenta.ru ақпарына сәйкес, Жапониядағы виза жүйесінің өзгеруіне байланысты 2019 жылдың сәуірінен бастап елге 500 мың шетелдік жұмыс бабымен кіре алады. Алайда бұл қатарда түріктер жоқ – Түркия бұл тұрғыда виза ұсынылмайтын мемлекеттер қатарына кірген.

Мұндай шешім түрік билігінің қарсылығына ұшырады. Түркия СІМ өкілі Хами Аксой оқиғаның мұндай беталысын “екі мемлекеттің достас қатынасы мен стратегиялық әріптестігінің рухын көрсетпейді” деп мәлімдеп, тізім “мейлінше тез арада қайта қаралу қажеттігін” алға тартты.

Өткен жылдың қарашасында жапон билігі елге шетелдік туристер мен жұмыскерлерді тарту үшін виза жүйесіне реформа жасау туралы шешім қабылдаған еді.  Жаңа стандарттар осы жылдың сәуірінде күшіне енеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз