Қазақстандық ғалымдар жаһандық ғылыми жаңалық ашты

0
221
кадрдан фото

Қазақстандық ғалымдар ең мығым металдардың бірі титанды химиялық тәсілдер арқылы бөлуді ойлап тапты. Бұл әр түрлі бөліктерді, соның ішінде өндірістік қалдықтарды залалсыздандыруда пайдасын тигізеді. Бұл туралы “Алматы” телеарнасы хабарлайды.

Қазір Қазақстанда өндірістегі титан қалдығы 30 миллиард тоннаға жетеді. Жұмыстың авторлары -ғылым докторлары, профессорлар, доценттер – Әбдуәли Баешов, Ажар Баешова, Ғани Ізтілеуов, олардың ғылыми жетекшісі Мұрат Жүринов медаль және дипломмен марапатталды.

“Бұл жұмыспен 37 жыл бойы айналыстым”

“Бізде элементтер өте көп. Соның ішінде ең мығымы, күштісі – титан. Оны кесу өте қиын. Біз титанды бөлудің тәсілін ойлап таптық. Бұл ақиқатында үлкен ғылыми жаңалық. Мен бұл жұмысты академик Бугеновтың тапсырмасы бойынша бастаған едім. 37 жыл бойы осы жұмыспен айналыстым. Әр күн сайын зерттеуге 10 сағаттан бөлдім”, – дейді ҚР Ұлттық ғылым Академиясы академигі Әбдуәли Баешов.


дереккөзден
Титан (Tіtanіum), Tі – элементтердің периодтық жүйесінің IV тобындағы хим. элемент, атомдық нөмірі 22, атомдық массасы 47,88. Түсі күмістей ақ, созылғыш және берік. Титан қосылыстарының балқуы қиын, өте қатты, түстері әр түрлі болып келеді. Титан авиация, зымыран, кеме, автомобиль жасауда қолданылатын беріктігі жоғары титан құймаларын (Al, V, Mo, Mn, Cr, Sі, Fe, Sn, Zr, Nb, т.б.) дайындауға және радиоэлектроникада, тамақ, шарап, қағаз, бояу өнеркәсіптеріне қажетті аспаптар мен қондырғылар жасауда кеңінен қолданылады.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз