Педагогтерді аттестаттау жүйесіне жаңа ереже енгізілмек

0
41
vera.kz

Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесі қашан жарияланатынын айтты.

Министрдің айтуынша, жаңа аттестацияда педагог мамандығына қатысты ерекшеліктер ескеріледі.

“Аттестацияның басты мақсаты – мұғалімдердің жетістігін оқушылардың жетістігімен байланыстыру. Бұл – аттестацияның басты ерекшеліктерінің бірі. Жаңа аттестацияда бұрынғыға қарағанда оны тапсыратын барлық педагогтың мамандығына қатысты ерекшеліктер ескерілген”, – деді министр.

Оның айтуынша, педагогтерді аттестациядан өткізетін ұлттық платформаны әзірлеуге арнайы қаржы қарастырылмаған. Әйткенмен ол қазір әзірленіп жатыр.

“Өзіміздің ішкі мүмкіндіктеріміздің есебінен платформа жасалып, аяқталып қалды. Бір-екі күнде ашық НҚА порталына аттестацияның жаңа ережесі ілінеді. Содан кейін жылдағыдай көктемде аттестация басталады”, – деді Бейсембаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз