Қазақстан әскери оқу орындарында жаңа мамандықтар оқытылады

0
19
Әскери білім алушылар.

21 ақпанда Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Жұмабек Ахметовтың қатысуымен Қорғаныс министрлігінің брифингі өтті. Жиында білім ордаларында жаңа мамандықтардың қосылатыны, әскери оқуға түсудің талаптары мен іріктеу жайлы айтылды. 

Брифингте департамент бастығы әскери жоғары оқу орындарындағы мамандықтар тізімін кеңейту туралы да хабардар етті. Мәселен, Алматы қаласының Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында «Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС базасында «әскери құрылысты пайдалану, ұйымдастыру және жүзеге асыру, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану» мамандығы бойынша курсанттарды даярлау жүргізілуде. Биылғы жылы «әскери істегі журналистика және қоғаммен байланыс», «әскери істегі дирижер» мамандықтары бойынша оқуға қабылдау жүргізілмек.

Брифинг спикерлері.

Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына түсу үшін өтініш берген кандидаттар кәсіби-психологиялық іріктеуден, түпкілікті медициналық куәландырудан, дене дайындығын тексеруден және конкурстық іріктеуден өтеді. Ұшу мамандықтарына түсушілер үшін денсаулық жағдайына ерекше талаптар қойылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз