Қазақстандықтар қой етін жеуді азайтты

0
31

Қазақстандықтар арасында ең танымал ет – сиыр еті. Оны тұтыну былтыр қаңтар-қыркүйек айларында жан басына шаққанда орта есеппен 18,33 келі болған. Бұл 2022 жылы дәл сондай  кезеңмен салыстырғанда 3,2%-ға көп. Бұл туралы Naryk.kz порталы хабарлады. 

Одан әрі жылқы еті. Жан басына шаққанда орта есеппен 4,88 келі, бір жылда 11,7% көбейген.

Қой етін тұтыну бір жылда 4% төмендеп, былтыр қаңтар-қыркүйекте орта есеппен жан басына шаққанда 4,02 келіні құраған.

Шошқа етін тұтыну 2,5% төмендеген. Орта есеппен жан басына 2,46 келі.

Биыл қаңтардың аяғында қой етінің бағасы 0,1%-ға жылқы еті 0,6%-ға дейін қымбаттады.

Бір жылда бағаның айтарлықтай өсуі сиыр етінде байқалды – 8,7%. Одан кейін шошқа еті (6,7%), қой еті (6,3%) және жылқы еті (4,8%) келеді. Сонымен қатар, бір жыл бұрын сиыр еті – 10,7%, шошқа еті – 15,1%, қой еті – 12,8%, жылқы еті – 16,6% қымбаттаған.

Өңірлер ішінде сиыр еті ең көп Алматы (16,4%), Атырау (15,7%) және Ұлытау (14%-ға) облыстарында қымбаттаған.

Жылқы еті ең көп қымбаттаған өңірлер Маңғыстау (11,4%) және Ұлытау (10,5%) облысы.

Қой еті ең көп Ұлытау (13,4%), Батыс Қазақстан (12,7%) және Алматы (12%) облыстарында қымбаттаған.

Шошқа еті Ақмола (18,2%) және Жамбыл (10,3%) облыстарында ең көп қымбаттады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз