Ұялы байланыс операторларына сапасыз интернет үшін 10 млн теңге айыппұл салынды

0
24
Фото: открытые источники

Рудныйда ұялы байланыс операторлары жауапқа тартылды, деп хабарлайды kazaznews тілшісі Қостанай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Рудный прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернет сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтаған.

“Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторлары жалпы сомасы 10 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұлдарға тартылды, сондай-ақ олардың атына заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді”, – делінген хабарламада.

Нұсқамаларды орындау қорытындысы бойынша, мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатқан, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқығы қорғалғаны айтылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз