“Оппенгеймер” фильмі “Үздік драма фильм” номинациясы бойынша “Алтын глобус” сыйлығын иеленді.

Фильм режиссёрі Кристофер Нолан үздік режиссёр, Киллиан Мерфи ер адам рөлін сомдаған үздік актёр атанды.

“Үздік фильм” санатындағы (мюзикл немесе комедия) “Алтын глобусқа” Йоргос Лантимостың “Бақытсыз-байғұстары” ие болды. Ондағы бас кейіпкер әйел рөлін сомдаған Эмма Стоун мюзикл немесе комедиядағы үздік актриса болып танылды.

Оппенгеймер фильмінің командасы. Photo: NY Times

Мюзикл немесе комедиядағы үздік ер адам рөлі сыйлығы Пол Джаматтиге (“Қалғандар”), үздік драма актриса сыйлығы Лили Гладстонға (“Гүлді айды өлтіргендер”) берілді.

“Шет тіліндегі үздік фильм” номинациясы бойынша француздың “Құлау анатомиясы” деп аталатын детектив картинасы “Алтын глобустың” екі мүсінін алды.

“Алтын глобус” марапаттау рәсімі – Голливудтың шетелдік баспасөз қауымдастығы 1944 жылдан бастап кинофильмдер мен телевизиялық картиналардағы үздік жұмыстары үшін берілетін америкалық сыйлық.

“Алтын глобус” сыйлығы жыл сайын қаңтар айында Голливудта тұратын 90-ға жуық халықаралық журналистердің дауыс беруімен тағайындалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз