Қаңтардағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау мерзімі тағы ұзартылды

0
24
ҰБТ тапсырып отырған талапкерлер. Photo: Gylym_Jogary_bilim

8 қаңтарда сағат 17.00-де қаңтардағы ұлттық бірыңғай тестілеуге қосымша орындар бос болады, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі.

“Сонымен қатар, ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау, 11 қаңтарды қоса алғанда, жалғасады”, – деп жазылған хабарламада.

Биыл қаңтардағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау 6 қаңтарда аяқталуы керек еді, бірақ мерзім 9 қаңтарға дейін ұзартылды.

Тестілеу 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Қаңтардағы ҰБТ-2023 бағасы – 4230 теңге. Тіркелу кезінде тестілеушілер күнді, уақытты және орынды таңдайды.

Қаңтардағы ҰБТ-ға қатыса алатындар:

  • жазғы тестілеу нәтижелері бойынша шекті баллға қол жеткізе алмаған және ЖОО-ның күндізгі бөліміне ақылы негізде оқуға шартты түрде қабылданғандар;
  • Шығармашылықтан оқытудың басқа бағыттарына ауысқысы келетін университетте оқитын студенттер;
  • ақылы негізде оқытудың педагогикалық бағыттарына ауысқысы келетіндер;
  • мектептердің түлектері қалауы бойынша ақылы негізде ЖОО-ға түсу үшін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз