2025 жылы елде цифрлық теңге қолданысқа енеді: Цифрлық теңге дегеніміз не?

0
22
фото: azattyq-ruhy.kz

Алдымен цифрлық теңге туралы және оның қолданысы туралы қысқаша түсініктеме бере кетейік.

Цифрлық теңге – жаңа валюта емес, криптовалюта да емес, тек жаңа төлем құралы. Ұлттық банк цифрлық теңгені енгізуді 2021 жылы қолға алған.

Цифрлық теңге кәдімгі заңды төлем құралы ретінде қабылданады және экономикадағы субъектілер үшін классикалық ақшаның барлық функциясын атқарады.

Бұл ретте интернет желісіне қосылмай-ақ цифрлық теңгемен алмасуға болады. Сонымен қатар цифрлық теңгені онлайн-транзакциялар үшін пайдалануға да болады.

Қазірдің өзінде арнайы платформаның бірінші кезеңі іске қосылды. Былтыр қараша айында ұлттық валютаның жаңа нысаны айналымға қосылған.

Цифрлық теңге іске қосылса да, қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар Қазақстанда айналымда қала береді, ал цифрлық валюта олармен қатар жүреді.

Мұндағы мақсат – республикадағы төлем айналымының барлық қатысушыларына қымбатқа түспейтін, тез, ыңғайлы әрі қауіпсіз төлемдерге жол ашу.

«Цифрлық теңгені енгізудің бірінші кезеңі 2023 жылы аяқталды. Цифрлық теңгемен алғашқы транзакция жүргізілді және алғашқы тесттер өткізілді. Енгізу жоспарға сәйкес жалғасып жатыр. 3 кезеңде және 2025 жылдың соңына қарай енгізуді аяқтау жоспарланып отыр», – дейді ҚР ҰБ басқармасының бас сарапшысы, Әйгерім Бабағалиева.

Әлемде 10 мемлекет цифрлық валюта қолданады. Тағы 15-і сынақтан өткізіп жатыр. Олардың қатарында Қазақстанда бар.

Ең бастысы – қауіпсіздік. Яғни, цифрлық теңге блокчейнге енгізіліп, ақша қатаң бақылауға алынады. Бұл өз кезегінде көлеңкелі экономиканың жолын кесуге көмектеседі. Қарапайым халық үшін де тиімді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз