Қостанайда жаңа әкім

0
116
ng.kz

Қайрат Ахметов Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс орталығының жаңа басшысын қала активіне таныстырды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Бұған дейін Қ. Ахметов Қостанай ауданы әкімі болған.

ng.kz

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Базыл Жақыпов қаланы 2015 жылдың қыркүйегінен басқарған.

Қайрат Ахметов 1965 жылы дүниеге келген. 1987 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын “агрономия” мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1987 жылы Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы “Каменск-Уральский” совхозындағы бөлімшеде агроном болып бастаған. Әр жылдары түрлі басқарушылық қызмет атқарған.

2006-2007 жылдары Қостанай облысы ауыл шаруашылығы Департаменті басшысының орынбасары болған. 1997-2000 жылдары “Қызыл-Таң” ЖШС басшысы, 2000-2002 жылдары ҚР ауыл шаруашылығы Қостанай облысы аймақтық басқарма басшысы болған. Кейіннен қатарынан төрт жыл бойы Меңдіқара ауданының әкімі болды.

2006-2007 жылдары Қостанай облысы ауыл шаруашылығы Департаменті басшысы қызметін атқарып, үш жыл Қарасу ауданының әкімі болған. 2010 жылы Федоровск ауданының әкімі болды. 2016 жылдан бастап Қостанай ауданын басқарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз