Киноиндустрия саласындағы беделді “Оскар” сыйлығына үміткерлердің қорытынды тізімі жарияланды.  96-шы Оскар марапаттау рәсімі осы жылдың 10 наурызында өтеді.

Сыйлыққа негізгі үміткерлер тізімінен төмендегі фильмдер мен олардың авторлары орын алған:

Үздік фильм – “Америкалық фантастика”, “Құлау анатомиясы”, “Барби”, “Тастандылар”, “Гүлді айды өлтірушілер”, “Маэстро”, “Оппенгеймер”, “Өткен өмірлер”, “Бақытсыз-байғұстар”, “Қызықтар зонасы”.

Үздік режиссер – Жастин Трие (“Құлау анатомиясы”), Мартин Скорсезе (“Гүлді айды өлтірушілер”), Кристофер Нолан (“Оппенгеймер”), Йоргос Лантимос (“Бақытсыз-байғұстар”), Джонатан Глейзер (“Қызықтар зонасы”).

Үздік актер – Брэдли Купер (“Маэстро”), Колман Доминго (“Растин”), Пол Джаматти (“Тастандылар”), Киллиан Мерфи (“Оппенгеймер”), Джеффри Райт (“Америкалық фантастика”).

Үздік актриса – Аннетт Бенинг (“Дайана Найэд”), Лили Гладстоун (“Гүлді айды өлтірушілер”), Сандра Хюллер (“Құлау анатомиясы”), Кэри Маллиган (“Маэстро”), Эмма Стоун (“Бақытсыз-байғұстар”).

Қосалқы рөлдегі үздік актер – Стерлинг К. Браун (“Американдық фантастика”), Роберт Де Ниро (“Гүлді айды өлтірушілер”), кіші Роберт Дауни (“Оппенгеймер”), Райан Гослинг (“Барби”), Марк Руффало (“Бақытсыз-байғұстар”).

Қосалқы рольдегі үздік актриса – Эмили Блант (“Оппенгеймер”); Дэниэль Брукс (“Күлгін түс”); Америка Феррера (“Барби”); Джоди Фостер (“Дайана Найэд”); Давайн Джой Рэндольф (“Тастандылар”).

Үздік түпнұсқа саундтрек – “Америкалық фантастика”, “Индиана Джонс және тағдыр шеңбері”, “Гүлді айды өлтірушілер”, “Оппенгеймер”, “Бақытсыз-байғұстар”.

Үздік ән – The Fire Inside (“Қатты ыстық”), I’m Just Ken (“Барби”), It Never Went Away (“Америкалық симфония”), Wahzhazhe (“Гүлді айды өлтірушілер”), What Was I Made For? (“Барби”).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз