Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда алғаш рет қатерлі ісікке қарсы жасалған дәріні брифингте журналистерге көрсетті.

“Әйгілі биотехнологымыз Дос Сарбасов Қазақстанға оралды, ол Техас университетінің Андерсон зертханасында жұмыс істеді. Ол бірнеше жылдан бері Назарбаев университетінің ұлттық зертханасын басқарады. Қазіргі уақытта биотехнолог онкологияға қарсы жаңа препараттарды жасап жатыр”, – деді министр.

Ғылым министрінің айтуынша, бүгінде Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында 15 адам қазақстандық препаратпен емделіп жатыр.

«Біз бірден 4-5 жыл үнемдеп, үшінші кезеңге көштік, жақын арада ісікке қарсы дәріміз шығады», – деді ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз