Елімізде әмбебап SIM-карта пайда болуы мүмкін

0
18

Мәжілісте виртуалды ұялы байланыс операторын енгізу қарастырылып жатыр. 

Сигнал кез келген оператордың ең жақын станциясынан қабылданады. Бұл бүкіл ел бойынша үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді.

Виртуалды оператор лицензия алмайды деп жоспарлануда, өйткені олар қазір жұмыс істеп тұрған байланыс операторларынан трафикті жалға алады. Депутат Екатерина Смышляева жаңашылдықтың артықшылықтарына тоқталды.

«Осының ерекшелігіне тоқталсақ, олар операторлардың шектеусіз санымен келісімшарт жасай алады, яғни барлық оператормен шарт бекіту мүмкіндігі болады. Сондықтан оның әмбебап SIM-картасы жақын тұрған кез келген антеннадан байланыс сигналын алады», – деді депутат.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз