Сәрсенбі күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына ұшып келді. Ол ертең сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізбек. 

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент қаладағы бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады.

23 қаңтарда түнде Алматыда 5 балл жер сілкінісі болып, халық үйлерін тастап, сыртқа шыққан. Кейбірі жылы киім киіп те үлгермеген. Жер дүмпуінен қорыққан халық қаладан шығып кетуге тырысып, көшелерде кептеліс болды.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында тіркелген. Жер дүмпуінің магнитудасы – 6,7. Энергетикалық классы – 15,1.

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы 23 қаңтардағы ақпаратында “70-ке жуық адам медициналық көмекке жүгінгенін” хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз