Тәуелсіздік алғалы Жаңа Бұқтырма оқушылары балабақшада оқып келе жатыр

0
19

ШҚО-ның Жаңа Бұқтырма кентінде орналасқан мемлекеттік тілдегі мектеп, 1991 жылдан бері балабақша ғимаратында орналасқан.

Мұнымен қоса ғимараттың салынғанына 50 жылдан астам уақыт болған.

Осыған байланысты, ШҚО билігі өткен жылы 200 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысын бастатқан. Оған, ғимарат куәлігінде барлығы 2 миллиард шамасында қаржы жұмсалатыны жазылған.

«Мектеп құрылысы 2024 жылдың тамыз айында аяқталуы тиіс. Кейін, оны қараша айына ауыстырды. Қазіргі таңда, ғимарат куәлігінде жазылған, құрылыс уақытының шекті мерзімінің үстін бояп, жауып тастаған. Бұл ғимаратты 2024 жылы бітірмейді. Себебі жарты жылдың ішінде тек ғимарат іргетасы мен астындағы жайын ғана салып үлгерді. Тіпті екінші қосалқы мердігер ауысып үлгерді», – дейді, “Әділдік жолы” РҚБ Шығыс Қазақстан филиалының басшысы Әділ Пшенов.

Бұл мәселеге байланысты аудан әкімдігінің жауабы БАҚ беттерінде тарады.

«Мектеп 2023 жылы салынып басталды. ШҚО Құрылыс, энергетика және ТҮКШ басқармасы оның әкімшісі болып саналады. “Мектеп салынсын” деген бастаманы білім ошағының директоры ғана көтерген жоқ, тұрғындар, депутаттар мен жергілікті атқарушы орган да қолдады», – дейді аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарова.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз