Алматыдағы Сайран көлі адам танымастай өзгереді

0
15
Сайран көлі. Photo: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматыдағы Сайран көлін абаттандыру жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындармен кездесуінде мәлімдеді.

Қала әкімінің айтуынша, былтыр конкурстық рәсімдер өткізіліп, мердігер ұйыммен келісімшартқа қол қойылған.

«Сайран көлінің жағалауын нығайту жұмыстары басталды. Тастақ шағынауданында көрсетілген аумақты реконструкциялау жұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталады», – дейді Ерболат Досаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз