Алматыдағы университеттердің бірінде эвакуация жарияланды: Оқиға қаншалықты қауіпті?

0
23
фото: телеграм/smuxbee

Бүгін, Алматыдағы Satbayev University қабырғасында эвакуация жарияланды. Себебі, жөндеу жұмысы барысында ғимараттың сол қабаты түтіндеп кеткен.

«Бүгін Бас оқу ғимаратынан түтін шықты. Ғимараттағы жылу желісінен ақаулық табылып, қабаттардың бірінде жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Жөндеушілердің бірі болгарка (шарқайрақ) құралымен жұмыс істеп жатқан сәтте одан шыққан ұшқын шүберек затқа түсіп, ол біртіндеп түтіндеп, иісі шыға бастаған. Содан кейін ол шүберек зат өрт сөндірудің барлық ережелеріне сәйкес жойылды», – делінген университет хабарламасында.

Оқиға барысында ешқандай өрт болмаған. Бірақ дабыл нүктесі қағылған соң, ғимараттағы адамдар сыртқа эвакуацияланған. Зардап шеккендер жоқ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз