Түркістан облысында толықтай бір мектепті жеп қойған: Есепшілер мемлекетке 2,2 млрд теңге залал келтірді

0
45

Бұлай дейтін себебіміз, Түркістан облысы Мақтаарал аудандық білім бөлімінің есепшілері 1,2 млрд теңге, Бәйдібек аудандық білім бөлімінің есепшілері 600 млн теңге және Келес ауданының білім бөлімінің есепшілері 400 млн теңге көлемінде қаражатты туыстарының шотына аударып отырған.

Бүгінгі таңда аталған 3 аудан бойынша мемлекетке келтірілген шығынының жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеден астам. Бұл ақшаға жалпы білім беретін 1 мектеп салуға болады.

Есепшілерге қазіргі таңда «сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемдену» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бұдан бөлек, жалпы залал келтірілген қаражатқа:

  • 88 мың дана көлемі 1/3 метр екіжақты тақта (орташа бағасы 25 мың теңге)
  • 54 мыңнан астам парта мен үстел (орташа бағасы 40 мың теңге)
  • 10 мыңға жуық компьютер (орташа бағасы 226 мың теңге)
  • 15 мыңға жуық интерактивті тақта (орташа бағасы 150 мың теңге)
  • 279 400 перде сыныпқа (орташа бағасы 7 800 теңге)
  • 12,2 миллион дана бор (орташа бағасы 180 теңге)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз