Назарбаев Университетіне мемлекет тарапынан керекті қаржы қауіпсіздігі берілді – Саясат Нұрбек⁣⁣⠀

0
16
intlaffairs.hku.hk

16 ақпанда Назарбаев Университетінің Қамқоршылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Оның жұмысына ҚК төрағасы – ҚР Президентінің Экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Әсет Ерғалиев және ҚК мүшелері, оның ішінде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймарданов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты. 

Қатысушылар университеттің болашақ дамуын, ғылыми-зерттеу әлеуетін талқылап, 2024 жылға арналған бюджетті бекітті.

«Ең бастысы, әрине, 2024 жылға Назарбаев Университетінің бюджеті бекітілді. Университетке мемлекет тарапынан, үкімет тарапынан керекті қаржы қауіпсіздігі берілді. Сондықтан университет құрамы, университтетің партнерлері үкіметтің толыққанды қолдауы болатынына сенуі керек. Енді атақты Гарвард университетінің профессоры айтқандай, жақсыдан керемет жасаумыз керек», – деді Саясат Нұрбек NU-дың Қамқоршылық кеңесінің (ҚК) отырысының қорытындысы бойынша.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз