Бейсен Құранбек Абайұлы – қазақ журналистикасының көрнекті өкілі, халықтың мұңын жоқтаған, әділдік пен шындықты ту еткен дара тұлға. Ол 1971 жылы Алматы облысы, Қызылжар ауылында дүниеге келіп, өзінің бүкіл өмірін елге қызмет етуге арнады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген соң, журналистика саласына қадам басты. Әуелі спорт журналисі ретінде танылып, кейіннен әлеуметтік мәселелерді қозғайтын бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі болды.
Оның есімімен тікелей байланысты екі ірі жоба – «Айтуға оңай» және «Қарекет» бағдарламалары халық арасында үлкен танымалдыққа ие болды. Бұл жобалар арқылы мыңдаған адамның тағдыры өзгерді.Ол студияға келген әрбір адамның ішкі жан әлемін түсініп, жанашырлықпен қарай білді.. Қоғамда қордаланған мәселелердің шешімін табуға септігін тигізіп, көптеген мұқтаж жандарға көмек көрсетілді. Оның арқасында баспанасыздар үйлі болды, аурулар емделді, қайғылы жағдайға тап болғандар қолдау тапты. Бейсен мырза студияда тек жүргізуші ғана емес, әрбір адамның тағдырына бейжай қарамайтын шынайы жанашыр ретінде көрінді.
Бейсен Құранбек тек журналист емес, ол — жүрегімен сезіне білетін гуманист еді. Ол қоғамда елеусіз қалған топтардың үнін жеткізіп, оларға үміт сыйлай білді. Оның эфирдегі әрбір сөзі терең ой мен жанашырлыққа толы болды. Бейсен мырзаның адаммен сөйлесу мәнері, жылы көзқарасы мен сабырлы үні көрермен жүрегіне жол тапты.
Ол өзінің қызметінде әрдайым адам тағдырына баса назар аударды. Тек бір сәттік рейтинг үшін емес, болашақ үшін еңбек етті. Ол жүргізген бағдарламаларда жүздеген отбасы баспаналы болды, балалар ем-дом алып, оқуға мүмкіндік алды. Мұның бәрі оның шын ниетпен жасаған еңбегінің нәтижесі.
Бейсен Құранбек – халық пен билік арасындағы көпір бола білген азамат. Оның арқасында ел ішіндегі көкейкесті мәселелер жоғары деңгейде талқыланып, нақты шешімін тапты. Ол журналистиканы ақпарат құралы ғана емес, халыққа қызмет етудің, әділдікті орнатудың құралы деп білді. Оның үні – әділдік пен мейірімділіктің үні болды. Ол ешқашан танымал болу үшін емес, шындықты айту үшін эфирге шықты. Бұл қасиеті оны халыққа жақын етті.
Бейсен Құранбектің өмірі қысқа болса да, мазмұнды өтті. Ол 2020 жылы ауыр дерттен қайтыс болды. Ол дүниеден өткен соң да, артында өшпес із қалдырды. Қазіргі таңда оның есімімен аталатын шәкіртақылар мен қайырымдылық жобалар бар. Жастарға үлгі боларлық тұлға ретінде Бейсен Құранбектің өмір жолы мен еңбегі ұмытылмайды. Ол – шын мәнінде, халқына адал қызмет еткен нағыз ұлт азаматы.
Айгерим Тауекелова





















































