Енді Қазақстандағы барлық оқушылар Алматыдағы мұражайларға тегін кіре алады

0
31
almatymuseum.kz

Қазақстанның барлық оқушысы үшін Алматыдағы мұражайларға кіру тегін болады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.

24 қаңтардан бастап мектеп оқушылары үшін Алматы музейлеріне кіру тегін болады. Бұл шешім білім беру процесін байытып, мәдениетке, өнерге және тарихқа деген қызығушылықты оятуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар балалардағы сыни ойлау қабілеті мен аналитикалық дағдыларды дамытуға септігін тигізеді.

“Елдегі 3,9 млн мектеп оқушысы мен жасөспірімдер әртүрлі экспонаттарды, артефактілерді және өнер туындыларын көруі керек. Алматы әкімдігіне қарасты музейлерге оқушылар мереке күндері және оқу жылында бара алады”, – делінген хабарламада.

Оқушылар тегін бара алатын мұражайлар тізімі:

1. Алматы тарихы музейі (Қабанбай батыр көшесі, 132)

2. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, (Зенков көш., 24/А),

3. Д.А. Қонаев музейі (Төлебаев көш., 117),

4. Әдеби-мемориалдық музей кешені:

С. Мұқановтың музей-үйі (Төлебаев көш., 125, 3-пәтер)

Ғ. Мүсіреповтің музей-үйі (Қарасай батыр көш., 49, 25-пәтер)

5. Тілендиевтің мемориалдық музейі (Қонаев көш., 96),

6. А.Байтұрсынұлының музей-үйі (Байтұрсынұлы көш., 60)

7. Райымбек батыр музей кешені (Райымбек батыр даңғ., 96 а)

8. Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы (Нұркент ш/а, 5/11)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз