Елімізде вейпке тыйым салынбақ

0
48
ашық дереккөзден

Мәжіліс елімізге вейп әкелуге, өндіруге және сатуға толық тыйым салатын заң қабылдады. Бұл туралы Мәжіліс отырысының екінші оқылымында қабылданған денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында жазылған.

Құжатта вейптердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған:

  • Вейп сатқаны үшін ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу; 
  • әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде жасалған, бiрнеше рет жасалған әрекеттер үшiн – 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз