Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын 141 адам жұқтырды. Жалпы ел бойынша 109 907 адамға жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
22 қазан таңертеңгі ақпаратта 84 адам індеттен айыққан, бірақ 3 адам вирустан қайтыс болған. Жазылып шыққандардың саны 105 385 адамға, ал қайтыс болғандардың саны 1806 адамға жетті.
Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 15
Алматы қаласы – 11
Шымкент қаласы – 3
Ақмола облысы – 9
Ақтөбе облысы – 5
Алматы облысы – 11
Атырау облысы – 12
Шығыс Қазақстан облысы – 21
Жамбыл облысы – 2
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 16
Қостанай облысы – 5
Қызылорда облысы – 1
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 12
Солтүстік Қазақстан облысы – 9
Түркістан облысы – 1
Жазылып шыққандар тізімі аймақтар бойынша:
Алматы қаласы – 7
Ақтөбе облысы – 1
Атырау облысы – 3
Қарағанды облысы – 7
Қостанай облысы – 48
Маңғыстау облысы – 5
Павлодар облысы – 1
Солтүстік Қазақстан облысы – 12
Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмония 181 жағдайы, одан бөлек 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 45 адамда емделіп шықты. Жалпы елде пневмонияны 36381 адам жұқтырып, 390 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28363 жетті.