Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

0
264
Нүсіпова Әсем Фото:Премьер-министр баспасөз қызметі

Қазақстан үкіметінің қаулысымен Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында туған. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін “экономика” мамандығын бітірген.

2001-2003 жж. — Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі.

2003-2005 жж. — ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі. 2005 ж. — ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2005-2007 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі.

2007-2008 жж. — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.

2008-2016 жж. — “ҚазТрансОйл” АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

2016-2019 жж. — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2020 ж. — “Астана” Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі” АҚ бас консультанты.

2020 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз