Театрдың қоғамға ықпалы қандай

0
28
photo: google
Театр-өнері халық мәдениетінің ажырамас бөлігі.

Бұл өнер аясы тек көрерменнің көңіл күйін көтеру мақсатында емес, қоғам мен халық арасында болатын мәдени майдан. Себебі адам арасында туындайтын адал факторлар, елдің экономикалық саясаты мен халыққа әсері, ұлттық құндылықтар, махаббат мекені және т.б. өзекті тақырыптардың барлығы театр әлемін қоршайды. Киелі сахна төрінде қойылған әрбір шығарма халықтың ой пікірін қалыптастыруға, өмірге деген көзқарасын өзгертуге ықпал етеді.

Рухани табыс құралы
Театр-қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды жас буынға дәріптеп,отансүйгіштік пен өнер мәдениетіне баулиды. Шығарма кейіпкерінің іс-әрекеті арқылы көрермен өмір мәнін түсініп,жақсылық пен жамандықты ажырата білуді үйренеді.

Сезімдер монологы
Махаббат тақырыбы театрда әрдайым ерекше орын алатыны барлығына мәлім. Кейіпкер сезімін сомдау және оны ашу бұл әртістің шеберлігі. Егер сахнаның шебері кейіпкерін ойнау барысында көрерменнің жүрегіне жол тауып,сезімдерін оята білсе театр саңлағына айналуы сөзсіз. Театрдағы махаббат тек кейіпкерлер арасындағы құштарлыққа ғана қоймай,көрермен мен өнер арасындағы нәзік байланысын көрсетеді.

Өнер өрісі дамуының шыңы – театрдың ұрпаққа рухани мұра қалдырады. Бұл қазақ халқының мәдени деңгейін айқындайтын дарын ошағы. Ол адамзатты ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіріп, ұлттық бірегейлікті нығайтады.

Аружан Ереже

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз