Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сәтбаев қаласы әкімі ұсталғанын хабарлады.
Антикор ақпаратына қарағанда, қала әкімі “Пара алу” (366-бап, 2-бөлігі) бабы бойынша күдікке ілінген. Басқа ақпарат “тергеу құпиялылығына байланысты” айтылмайтыны хабарланды.
Қазақстан билігі жыл сайын жемқорлықпен күресті күшейтеміз дегенімен елде шенеуніктер арасында пара алу, бюджет ақшасын жымқыру фактілері жиі болады. Елде жемқорлықпен сотталған шенеуніктердің рақымшылықпен босап шығуы немесе айыппұл төлеуі де жиі кездеседі.
Transparency International ұйымы 2023 жылдың Шығыс Еуропа мен Орталық Азия бойынша Жемқорлықты қабылдау индексін жариялаған. Бұл рейтингіде Қазақстанның көрсеткіші былтырмен салыстырғанда үш сатыға жоғарылаған, алайда ел әлемдегі жемқорлық жайлаған елдер қатарында қалды.